Қылмыстық істі тергеу аяқталып, сотқа жіберілді
Қаржылық мониторинг агенттігі Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті жалған шот-фактураларды жазып берумен айналысқан азаматтың қызметін әшкереледі. Бұл туралы Azattyq Ruhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қылмысты іске асыру үшін 6 компания құрылды, олардың жалпы айналымы 2019-2021 жылдар аралығында 3 миллиард теңгеден асты, соның нәтижесінде мемлекеттік бюджетке салық түрінде 1 миллиард теңгеден астам түспеген.
Қылмыстық істі тергеу аяқталып, сотқа жіберілді.