Бұл факті "Қарасора" республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында анықталды
Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы, Қызылорда ауылының тұрғыны өз үйінің ауласына сора өсімдігін еккен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«БҚО полиция Департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 48 жастағы азаматтың үйінің ауласынан 427 түп культивацияланған сора, суаратын шланг, темекі шегуге арналған құрылғы тәркіледі», - деп көрсетті ведомство өкілдері.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 300-бабы 1-бөлігімен (құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) сотқа дейінгі тергеу басталды.