22.06.2022, 14:57
Жаңалықтар
Қаңтар оқиғасы: ҰҚК қызметкерлері азаптау бабы бойынша тергеліп жатыр
Бұл туралы ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары Асқар Әмірханов айтты
Фото: ашық дереккөзден
Қаңтар оқиғасы бойынша ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері азаптау ісі бойынша тергеліп жатыр. Бұл туралы ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары Асқар Әмірханов айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мәжіліс отырысынан кейін тілшілер Асқар Әмірхановқа қаңтар оқиғасы бойынша азаптауға қатысқандар арасында ҰҚК қызметкерлерінің бар-жоғы туралы сұрақ қойды.
«Иә, бар, бірақ олардың нақты санын айта алмаймын», - деп жауап берді ҰҚК төрағасының орынбасары.
Ол тергеліп жатқандардың «Азаптау» бабы бойынша қылмыстық іске тартылғанын және істі қарастыру мерзімін тергеу анықтайтынын айтты.
«Бұл ретте тергеу мерзімі жарты жылға дейін созылуы мүмкін», - деді ҰҚК өкілі.
Көп оқылған
28.10.2026, 16:15
Тоқаевтың Жолдаудағы сынынан кейін төрт сағат өте алғашқы топ-менеджер жұмысынан айырылды
28.10.2026, 12:26
«Бас-аяғы 77 мың адам»: Тоқаев Жолдауында кімдердің жалақысын 40 пайызға дейін көбейтіп берді
28.10.2026, 13:30
Бір уыс доллар мен айфон 18: әнші Алтынай Жорабаеваның туған күніне күйеуі не сыйлады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды