$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

22 маусымға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер сәрсенбі, яғни 22 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы құбылмалы болады. Елімізде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Күндіз еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Жел күшейіп, бұршақ жауады, шаңды дауыл тұрады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Атап айтқанда, Ақмола облысында найзағай ойнап, жел күшейеді, түнде солтүстігінде, орталығында екпіні – 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде – 15-20, солтүстігінде 25 м/с дейін күшейеді, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл соғады.

Алматы облысының таулы аудандарында күндіз күн күркіреп, оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында жел екпіні 25 м/с жетеді.

Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, дауыл тұрады, найзағай кезінде желдің күші 15-20 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында найзағай, бұршақ, дауыл соғады. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында жел қарқыны – 15-20 м/с.

Күндіз Атырау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды, күндіз облыстың батысында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жел жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, шаңды дауыл соғады.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында күн күркірейді, облыстың солтүстігінде жел екпіні – 18 м/с.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл болады, жел 25 м/с дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл болады. Күндіз басым бөлігінде жел екпіні 23-28 м/с жетеді.

Түнде Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, шығысында күн күркірейді, найзағай кезінде желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Күндіз Қарағанды облысының солтүстік, шығысында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл болады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Серіктес жаңалықтары