Ведомствоның сыбайлас жемқорлық тәуекелдері басты назарда
Антикор және ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің жұмысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Көші-қон қызметі комитетінің жұмысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды бастады.
«Талдау шеңберінде мемлекеттік қызметтер көрсету және бақылау-рұқсат беру функцияларын іске асыру рәсімдерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою бойынша жұмыс жүргізілетін болады», - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің хабарламасында.