Қоғам қайраткері Әлия Назарбаева желідегі оқырмандарына қандай кітап оқып жатқанын айтып берді
Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының төрағасы Әлия Назарбаеваға әлеуметтік желідегі оқырмандары тарапынан ең жиі қойылатын сұрақ та осы екен.
«Менің жазылушыларым маған жиі «Сіз не оқисыз?» деген сұрақ қояды. Қазіргі уақытта Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясын қайта оқудамын. Есейе келе көптеген шығармалар жаңаша жағынан ашылады. Тарих тақырыбы маған әрдайым жақын болды, мен ежелгі өркениеттердің тарихи сюжеттерімен әуестендім: Мысыр, Ежелгі Рим, Ежелгі Вавилон және т.б. Соңғы жылдары біздің тарихымызды оқып, зерттеуге тырысамын. Көшпенділер мен Даланы қоныстаған тұрғындардың тұрмысы, әдет-ғұрпы мен ұстанымдары», - деп жазады.
Сондай-ақ Әлия Назарбаева заңғар жазушы, қазақтың қабырғалы қаламгері Мұхтар Әуезовтың сөзінен үзінді келтіреді:
«Қазіргі уақытта өз тілі мен әдебиетін білмейтін және бағаламайтын адам толыққанды зиялы тұлға болып саналмайды. Өйткені, ол қандай мамандықты иеленсе де, рухани тұрғыдан бір жақты азамат болып қала береді»