Еліміздің басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады
Синоптиктер бүгін, яғни 21 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен ҚР аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, күн күркіреп, жаңбыр жауады. Еліміздің оңтүстік-батыс өңірлерін қоспағанда, қатты жаңбыр жауады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Атап айтқанда, Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ, дауыл болады, күндіз облыстың басым бөлігінде жел күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында, Ақтөбе облысында, күндіз Павлодар, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде, батыста, шығыста және Атырау облысының орталығында, солтүстікте, Қызылорда облысының орталығында жел 15-25 м/с күшейеді.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерінде бұршақ жаууы ықтимал, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл болады, солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында, солтүстігінде шаңды дауыл тұрады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Қостанай облысының солтүстігінде, батысында-бұршақ, дауыл, түнде солтүстік-батыста, батыста, күндіз облыстың басым бөлігінде жел 15-23 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, батысында бұршақ жаууы ықтимал, түнде солтүстікте, шығыста, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, батысында 15-23 м/с жел тұрады, күндіз дауыл соғады.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында бұршақ, дауыл болады, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Атырау, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, солтүстік-батыста, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады. Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Алматы, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Түркістан, Жамбыл облыстарының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.