Көрші елде коронавирус індеті өршіп тұр
3 ақпаннан бастап Air Astana Бейжің мен Үрімшіге рейстерді тоқтатады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Сондай-ақ, бұрын Қытайға ұшқан жолаушыларды кері қайтару үшін Үрімші мен Бейжіңнен соңғы рейстер 3 ақпанда орындалады. Ал, Алматыдан Гонконгқа ұшатын рейстер өзгеріссіз орындалады.
Айта кетейік, Қытайда тараған коронавирусқа байланысты бұған дейін қазақ-қытай шекарасындағы «Қорғас» кеден бекеті де жұмысын шектеген болатын. Ал, Қытайдан келген 30-дан астам адамды дәрігерлер бақылауға алған. Денсаулық сақтау министрлігі 30 қаңтарда Қазақстанда коронавирус індеті тіркелмегенін мәлімдеді.