ҚМА Болат Назарбаевтың қатысы болуы мүмкін деген істің түскенін растады

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл іспен Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті айналысып жатыр

фото: egemen.kz

Қаржылық мониторинг агенттігі Нұрша Кәкенова есімді азаматтан «KARUAN» ЖШС-нің рейдерлік жолмен алынғаны туралы хабарлама түскенін растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұған дейін бірқатар БАҚ-та бұл іске Болат Назарбаевтың қатысы болуы мүмкін екендігі айтылған болатын.

«БАҚ өкілдерінен түскен сұрауларға ҚМА 2022 жылдың 17 маусымында Алматы қаласы прокуратурасынан Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне Н.Какеновтен «KARUAN» ЖШС-нің рейдерлік жолмен алынғаны туралы хабарлама түскенін хабарлайды»,- деп көрсетті Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі.

Өтініште көрсетілген дәлелдер тексеруге жатады, оның нәтижелеріне құқықтық баға беріледі.

Басқа ақпарат жариялауға жатпайды.