Ол қазір жарылыс салдарынан жұмысқа жарамсыз болып отыр
2021 жылы 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімде жарылыс болғанда құтқару жұмыстарына белсене араласқан азамат әділдікті талап етуде. Бұл туралы Azattyq Ruhy ZTB-ға сілтеме жасап хабарлайды.
«Жарылыс болғанда ең бірінші шақырту алып, оқиға орнына шыққан едім. Сол кезде өзіме жүктелген міндетті адал атқарып, өрт сөндіру шараларын ұйымдастырдым. Мен оқиға орнына келгеннен кейін 15 минут өткен соң басшылықты марқұм подполковник Микропуло А.Н. өз қолына алды. Қазіргі таңда маған қатысты ҚР ҚК 371-бабы 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғады. Яғни іс әрекетімен салғырттық танытты деп айыптауда. Маған қатысты қылмыстық қудалауды тоқтатпай отыр. Аталған жерге мен өзімнің өмірімді қатерге тігіп барған кездегі естіген жақсылығым осы ма?!» - дейді Асыл есімді азамат.
Айта кетейік, Асыл Мұхамбетжанов Байзақ ауданындағы №8 өрт сөндіру бөлімінде қызмет атқарады. Қазіргі таңда жарылыс салдарынан жұмысқа жарамсыз.