Ақтөбеде элеватордан құлаған 9 жасар бала қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқушы мамыр айының соңында қараусыз қалған элеватордан құлаған

Ақтөбеде элеватордан құлаған 9 жасар бала қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Диапазон» басылымына сілтеме жасап.

9 жасар бала 31 мамыр күні қаланың ескі бөлігіндегі қараусыз қалған элеваторда биіктіктен құлап кеткен. Ол облыстық балалар ауруханасына ес-түссіз хәлде жеткізілген.

Дәрігерлердіі айтуынша, бала жасанды тыныс алу аппаратына қосылып жансақтау бөлімінде жатқан.

«Дәрігерлер бар жағдайды жасағанымен 18 маусым күні сағат 22:00-де бала қайтыс болды», - деді  Балалар ауруханасының бас дәрігері Ербол Жапахов.

Тегтер: