Науқастардың біреуі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған
Елімізде 200-ге жуық адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«19 маусымдағы мәлімет бойынша, 191 адам коронавирус инфекциясынан (–135+ және 56 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 44 пациент стационарда, 147 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда», - деп көрсетті Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 4 адамның жағдайы ауыр, ал 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 15 жағдай тіркелді.