Мемлекет басшысы Ресей ұсынған марапаттан бас тартты

Автор: Azattyq Rýhy

Yedilov online арнасы таратқан хабарламаны Президенттің баспасөз қызметі растады

фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путин ұсынған «Александр Невский» орденінен бас тартты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Yedilov online арнасына сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы көрсетілген құрмет үшін алғысын білдірді. Алайда ол президенттік өкілеттігі біткенше не отандық, не шетелдік марапаттарды қабылдамауды шешті. Дәл осындай себеппен Бішкекке барған сапарында қырғыздың бірінші дәрежелі ең жоғары «Манас» орденінен бас тартқан»,– делінген хабарламада.

Александр Невский ордені Ресейде бірнеше бағытта беріледі. Соның бірі көпжақты ынтымақтастықты дамытуға сіңірген еңбегі үшін шетелдік мемлекет басшыларына да табысталады.

«Александр Невский» ордені ТМД елдерінің көптеген басшыларына берілген. Олардың қатарында Нұрсұлтан Назарбаев, Александр Лукашенко, Гурбанғұлы Бердімұхамедов сынды тұлғалар бар.