Алдағы уақытта түлектер Ұлттық ұланның әскери бөлімдері мен өңірлік қолбасшылықтарында қызмет атқарады
Бүгін Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде офицерлерге диплом табыс етілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz- ке сілтеме жасап.
150 магистрант Қазақстанның Қарулы Күштерінің офицерлік корпусының қатарын толықтырса, соның 22-і болашақта Ұлттық ұланда қызмет атқарады. Салтанатты шараға еліміздің күш құрылымдарының және ЖОО-ның басшылығы қатысты.
«Бүгін Қарулы Күштер қатары Қазақстанның ең беделді әскери оқу орнында оқыған кәсіби дайындалған офицерлермен толықты. Офицерлер стандарттан тыс шешімдер қабылдауға дайын жоғары білікті мамандар ғана емес, сондай-ақ күрделі жауынгерлік міндеттерді орындауға, бағыныстыларды ертіп, олардың өмірін сақтап қалуға қабілетті, антына адал патриоттар болуға тиіс», – деді Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов.
Құқықтық тәртіп әскерлерінің 22 әскери қызметшісі «Ұлттық ұландағы Менеджмент» білім беру бағдарламасымен төрт біліктілік бойынша оқытудан өтті.