Қауіпті химиялық қалдықтарды өртеген кәсіпкер 3 жылға сотталды

Автор: Azattyq Rýhy

Үкім әзірше заңды күшіне енген жоқ

фото: egemen.kz

Қауіпті химиялық қалдықтарды өртеген көкшетаулық кәсіпкер 3 жылға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Зеренді аудандық сотымен Қылмыстық кодекстің 325-б. 3-б. бойынша «ЭКО-Гарант» ЖШС-нің бас директоры А.А.Теміров кінәлі деп танылып, 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. ол 2016-2019 жылдары аралығында құрамында цианид бар қауіпті химиялық қалдықтарды көміп, жаққан. Бұл қоршаған ортаға аса ірі мөлшерде залал келтіруге әкеліп соқтырған», - деп көрсетті Ақмола облыстық прокуратурасы.

Кәсіпорындағы қоршаған ортаның ластануы апатты деңгейде болғаны анықталған.

Сотпен кәсіпорыннан қоршаған ортаны қалпына келтіру мақсатында 150 млн. теңге шамасында айыппұл өндіріліп алынған.