Олардың басым бөлігі амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда
Қазақстанда 185 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«18 маусымдағы мәлімет бойынша, 185 адам коронавирус инфекциясынан (–131+ және 54 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 44 пациент стационарда, 141 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда», - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 4 адамның жағдайы ауыр, ал бір адам өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.