Әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Подъезде кіші дәретке отырған павлодарлық әйел жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
16 маусымда М.Горький көшесінің тұрғыны полицияға қоңырау шалып, үйге кіріп келе жатқанда, белгісіз әйелдің мас күйінде подъездің 3-қабатында дәрет сындырып отырғанын байқағанын айтты. Көрсетілген үйге келген тәртіп сақшылары далада сенделіп тұрған әйелді кездестірген. Жиналған көршілер ласталған подъезд үшін шағымданды.
Аталмыш құқық бұзушы далада жай қыдырып жүргенін айтты. Бірақ полицейлер қала тұрғынының серуенін тоқтатып, уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізуге мәжбүр болды. Жол берілген бұзушылықтар үшін әйел ұсақ бұзақылық жасағаны және қоғамдық орынға мас күйінде келгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.