$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан Президенті Қазақстанға қатысты қисынсыз пікір айтатын ресейлік тұлғаларға наразылық білдірді

Барлық алауыздық екі елдің халықтарына зиянын тигізеді

Қазақстан Президенті Қазақстанға қатысты қисынсыз пікір айтатын ресейлік тұлғаларға наразылық білдірді
Фото ашық дереккөзден

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург Халықаралық экономикалық форумында Қазақстанға қатысты қисынсыз пікір білдіретін ресейлік тұлғаларға наразылық білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мүмкін бұл қисынсыздау да болар, дегенмен, осы мінберді пайдаланып, бірқатар ресейлік депутаттың Қазақстанға қатысты мүлдем қисынсыз айтқан, нақты емес пікірлеріне наразылығымды білдіргім келеді. Журналистер, тіпті мәдениет қайраткерлері бар. Бүгін Кремльдің жоғарғы басшылығының түптеп келгенде өзге мемлекеттерге, әсіресе менің елім Қазақстанға қатысты ұстанымын жеткілікті түрде білдірген Владимир Путинге ризашылығымды білдіремін. Шындығында, бізде түрлі әдіс-тәсілдермен көпіртіп айтуға болатындай ешқандай мәселе жоқ», - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысының пікірінше, барлық алауыздық екі елдің халықтары арасына және Ресей Федерациясының өзіне зиянын тигізеді.

«Осынау пікірлердің барлығы мен үшін түсініксіз. Кімнің диірменіне су құйып жүр демекші, аталған қайраткерлер қандай да біртүрлі әдістермен Қазақстан басшылығының шешімі болсын, немесе елімізде орын алып жатқан оқиғаларға болсын пікір білдіреді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары