Алматы бастапқыда бір млн адамға ғана есептелген – Досаев

Автор: Azattyq Rýhy

Құрылыс салу ережелерін өзгерту туралы шешім бар

Фото ашық дереккөзден

Алматы әкімі Ерболат Досаев қала бұрын арнайы өлшемсіз өскенін мәлім етті. Бұл туралы ол қала құрылысы форумында айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қала басшысының айтуынша, Алматы бастапқыда бір миллион адамға есептелген.

«Қала тез өсіп, мегаполистің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін шұғыл шешімдер қабылдау қажет болды. Қала өлшеусіз түрде өскен әрі бастапқыда бір миллион адамға ғана есептелген.

Сол сияқты уақыт өте келе қосылған аумақтар мен Алматының жаңа аудандарын құру мәселесі де даму жоспарына үлкен түзетулер енгізді. Енді қала өзінің болашағын айқындауы керек. Әр қала өзінің даму жолын таңдайды», - деді әкім форумға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде.

Досаев алдағы дүйсенбіде мәслихат отырысы өтетінін, онда қала үшін маңызды шешімдер қабылданатынын атап өтті. Олардың арасында құрылыс салу ережелерін өзгерту және Алматының қала құрылысы кеңесін қайтару туралы шешім бар.