Президент: Жұрт даулы мәселелерге наразылық білдіріп көшеге шығатын болды, бірақ заң талабы мүктіксіз орындалуы тиіс
«Заң мен тұрақтылық ішкі тәртіптің бірден бір кепілі...»

Қаңтардағы қайғылы оқиғалардан кейін Қазақстанда саяси белсенділік күрт артты. Жаңа саяси партиялар және қозғалыстар құрылып жатыр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау облысында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайда айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Мемлекет басшысы бүгінде заңды белден басатын азаматтардың қоғамда көбейгендігін айтып, халықты заң мен тәртіпке бағынуға шақырды.
«Қоғам белсенділері әлеуметтік желіде түрлі мәселелерді көтеріп жүр. Шыны керек, кейде мүлдем ақылға сыймайтын пайымдар да айтылады. Жұрт даулы мәселелерге наразылық білдіріп көшеге шығатын болды. Заңды белден басатын азаматтар да жоқ емес. Біртіндеп демократия жолына түсу кезінде мұндай жағдайдардың болуы түсінікті. Бірақ заң талабы мүктіксіз орындалуы тиіс екенін әрдайым есте ұстау қажет. Заң мен тұрақтылық ішкі тәртіптің бірден бір кепілі. Онсыз қоғамның дамуы мүмкін емес. Сондықтан бұл қағида біздің ең басты бағдарымыз болуы тиіс», - деді Президент.