Қазақстанда зейнетақы көлемі арта ма – министр жауап берді

Автор: Мира Байбек

Тамара Дүйсенова зейнетақының жыл сайын өсіп отыратынын айтты

Фото: tengrinews.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова қазақстандықтардың зейнетақысы қашан көтерілетінін туралы сауалға жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Тамара Дүйсенова зейнетақының жыл сайын өсіп отыратынын айтты.

«Зейнетақының орташа мөлшері – 105 мың теңге. Қазақстандықтардың шамамен 20-25 пайызы қазірдің өзінде 150 мың теңгеден астам алады. Біреу 170 мың, біреу 180 мың теңге алып жатады», – деді министр.

Оның айтуынша, қазіргі зейнетақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейіне сәйкес келеді.

«Базалық зейнетақы инфляция деңгейінде, ал ынтымақты зейнетақы 2 пайыз алда келеді. Сондықтан зейнетақының сатып алу әлеуеті ең төменгі күнкөріс деңгейіне сәйкес келеді», - деп жауап берді министр.