Белсенді азаматтық ұстанымы бар орта буынның тәжірибесі ескеріледі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Құрылтайдың құрамында қанша адам бар екенін мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Енді, Ұлттық Құрылтайдың жұмысын ұйымдастыру мәселесіне тоқталсам. Оның құрамында 117 адам бар. Құрылтайға барлық облыстың, сан түрлі саланың, әр буынның өкілдері қатысып отыр. Біз көпті көрген ел ағаларының ақыл-кеңесіне жүгінеміз. Белсенді азаматтық ұстанымы бар орта буынның тәжірибесін ескереміз. Жаңаша ойлайтын жастардың тың идеяларын қолдаймыз», - дейді Президент.