Осыған байланысты әуежай ережелеріне өзгерістер енгізіледі
Нұр-Сұлтан әуежайы ұшу-қону жолағын жөндеуге байланысты 15 шілде мен 8 тамыз аралығында шектеулі режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайында 15 шілде мен 8 тамыз аралығында (сағат 11.00-ден 18.00-ге дейін) ұшу-қону жолағында жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Осыған байланысты әуежай ережелеріне өзгерістер енгізіледі», - деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.
Әуе айлағының баспасөз қызметінен хабарлағандай, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мұндай жөндеу жұмыстары жыл сайын жүргізіледі.
«Жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы шешімді әуежай 2022 жылдың ақпан айында қабылдады, содан кейін бұл жұмыстардың кестесі туралы ақпарат әуе компанияларына дер кезінде жіберілді. Әуе тасымалдаушылары әуежайдан алынған хабарлама негізінде ұшу кестесіне өзгерістер енгізді», - делінген хабарламада,
Әуежай ережелерін өзгерту әлемдік тәжірибе саналады және әлемдегі барлық әуежайда аталған жұмыстар жүргізіліп тұрады.