Күдіктіге қатысты сот «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын санкциялады
Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі «Қазтеміртранс» АҚ Қостанай филиалының директоры облыс кәсіпкерлерінен жүк вагондарын кедергісіз және жедел өткізгені үшін жүйелі негізде пара алғаны әшкереленді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Күдіктіге қатысты сот «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын санкциялады және оның кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, қорытынды шешімді сот қабылдайды. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – делінген Антикор хабарламасында.