Netflix «Кальмар ойыны» сериалының негізінде реалити-шоу түсірмек

Автор: Azattyq Rýhy

Қатысуға үміткерлер арнайы сайтқа өтінім тастай алады

Фото ашық дереккөзден

Netflix «Кальмар ойыны» сериалының негізінде реалити-шоу ашылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оңтүстіккореялық драмадағы сияқты, жаңа жобаның авторлары 456 қатысушыны іріктеп алады. Олар ақшалай жүлдеге таласады. Сынақтар триллердегі оқиғалар желісі бойынша өрбиді, бірақ кейіпкерлердің өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төнбейді. Сайыстан шығып қалған ойыншылар үйіне құр қол қайтарылады. Қатысуға үміткерлер арнайы сайтқа өтінім тастай алады. Талап бойынша, олар ағылшын тілін білуге тиіс.

Айта кетейік, Netflix осы аптада ең табысты жобаның екінші маусымы эфирге шығады деп хабарлаған болатын.