Оның ісі Атырау қаласының №2 сотында қаралады
Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты сот отырысы кейінге қалды. Бұл туралы Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Судьяның өзге қылмыстық іс бойынша кеңесу бөлмесіне кетуіне байланысты Бақытгүл Хаменоваға қатысты істі қарау кейінге шегерілді», -деп мәлім етті соттың баспасөз қызметі.
Бақытгүл Хаменованың ісі Атырау қаласының №2 сотында қаралады. Биылғы 26 мамырда Атырау қаласының №2 сотына ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға, Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке, ҚР Қылмыстық кодесінің 367-бабының 2-бөлігімен «Б» ЖШС-нің директорына қатысты қылмыстық іс түскен.
«Осыған байланысты басты сот отырысын өткізу жөнінде шешім қабылданды. Басты сот отырысын 2022 жылғы 14 маусымда сағат 14:45-те өткізу тағайындалды», - деп мәлім еткен еді облыстық соттың баспасөз қызметінен.