Сондай-ақ бір беларусь банкі де «қара тізімге» іліккен
ЕуроОдақ 14 маусымнан бастап Ресейдің тағы 3 банкін SWIFT халықаралық жүйесінен ажыратты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Халықаралық жүйеден шығып қалған банктер қатарында Сбербанк, Мәскеу кредит банкі және Ресей ауылшаруашылығы банкі бар. Қаржы ұйымдарының өкілдері тұтынушыларын «бұл өзгеріс Ресей ішіндегі операцияларға еш әсер етпейді» деп жұбатып әлек.
Сондай-ақ бір беларусь банкі де «қара тізімге» іліккен.
Айта кетейік, наурыз айында да ресейлік бірнеше ірі қаржы ұйымы SWIFT жүйесінен ажыратылған болатын.