79 рет жол ережесін бұзған жүргізушіге 1,6 млн теңге айыппұл салынды

Автор: Azattyq Rýhy

Тәртіп бұзушының көлігі қарызы толық өтелгенше арнайы тұраққа қойылды

Фото ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысында жол ережесін бұзғыш Land Rover жүргізушісі 79 рет жол ережесін бұзып, 1 млн 600 мың теңге айыппұл арқалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

13 маусымнан бастап қолға алынған "Борышкер" профилактикалық іс-шарасы аясында жол ережесін жиі бұзатын азамат анықталды.

«Өскемен қаласында жол ережесін үнемі бұзушы 26 жастағы тұрғын анықталды. Оның атына жалпы сомасы 1 млн 600 мың теңге болатын 79 әкімшілік айыппұл жиналған. Тәртіп бұзушының көлігі қарызы толық өтелгенше арнайы тұраққа қойылды», - дейді ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары подполковник Елдос Закимовү

"Борышкер" жедел алдын алу іс-шарасының алғашқы күнінде тәртіп сақшылары пәтерлерді және аулаларды шолу кезінде жалпы сомасы 17 млн теңге әкімшілік айыппұлдары бойынша берешегі бар 2 мыңнан астам азаматқа ескерту жасады.