Түркістан облысында қызғаныштан әйелін басынан атып өлтірген ер адам сотталды

Автор: Azattyq Rýhy

2, 15 және 16 жастағы үш бала анасыз қалды

Фото ашық дереккөзден

Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қызғаныштан азаматтық некедегі әйелін өлтірген 41 жастағы ер адамға үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Сауран ауданының Қаражон ауылында орын алған. Тергеу материалдарынан белгілі болғандай, марқұм әйел 34 жаста болған. Оның басынан азаматтық некедегі күйеуі 16 калибрлі мылтықпен атқан. Әйел оқиға орнында қайтыс болды.

Сотта қылмыскер әйелді өлтіргісі келмегенін, тек қорқытқысы келгенін айтқан. 2, 15 және 16 жастағы үш бала анасыз қалды.

Ер адам 18 жылға ең жоғары қауіпсіздік колониясында жазасын өтейді.

Үкім заңды күшіне енді.