Қазір баланың жағдайы жақсы
Қызылордада үш жасар сәби төртінші қабаттан құлап, аман қалды. Бұл туралы Қызылорда қаласы ТЖБ мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыс орталығындағы «Арай» мөлтек ауданында 3 жасар сәби 4-қабаттан құлап, ауруханаға жеткізілді. Қазір баланың жағдайы жақсы. Оқиға бойынша полиция қызметкерлері тексеріс жұмыстарын жүргізуде. Кейінгі жылдарда қалада балалардың көпқабатты тұрғын үй терезесінен құлап кету жағдайы жиі тіркелуде.
«Биыл мұндай 3 жағдай тіркелген. Былтыр 10 бала терезеден құлап, оның 2-і қаза тапты. Осы себепті жаз бойы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қала тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізеді», – деді Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Жасұлан Түймебаев.