Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық болуы мүмкін
Синоптиктер 14 маусым, яғни сейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«ҚР территориясының басым бөлігі әлі де циклонның, атмосфералық фронттардың ықпалында болатындықтан, тұрақсыз ауа райы сақталады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, сонымен бірге бұршақ жауып, дауыл соғады, еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік-батыста, оңтүстігінде шаңды дауыл соғады», - делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.
Атап айтқанда, Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл болады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай, бұршақ, дауыл болады, найзағай кезінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Таңертең және күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл болып, күндіз солтүстік-шығысында, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысында найзағай ойнайды, найзағай кезінде жел 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 25 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, дауыл, бұршақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында тұман түседі.
Павлодар облысының оңтүстігінде, күндіз орталығында найзағай, бұршақ болып, найзағай кезінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай, дауыл болып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында шаңды дауылмен бірге жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз батыста, оңтүстігінде найзағай ойнайды.
Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауылмен бірге жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық болуы мүмкін.
Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.