Алматыда санкцияланбаған акциядағы қақтығыс кезінде ер адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Соталды тергеу басталды

Фото ашық дереккөзден

Алматыда санкцияланбаған акциядағы қақтығыс кезінде ер адам қаза тапты,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қалалық ПД мәліметінше, оқиға 11 маусымда болған.

Алматы Полиция департаменті өкілі 11 маусымда бір топ адам Гагарин көшесінің көлік жүретін бөлігін жауып тастағанын айтты.

"Санкцияланбаған акцияға қатысушылардың бірі 1980 жылы туған азамат М. жанжал барысында автокөліктердің бірінің жүргізушісіне дене жарақатын салған. 1974 жылы туған К. кейін қайтыс болды. Азамат М.-ның әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігі "Абайсызда өлімге әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру", - деді полицейлер.

 

Ол ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Соталды тергеу басталды. Күдікті 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.