Қонаев қаласындағы казинолар жабыла ма?

Автор: Кенжекей Тоқтамұрат

Үкімет бұрынғы Қапшағайдағы казиноларды жабу мәселесін әлі қарамаған 

Фото: ашық дереккөзден

Жуырда атауы Қонаев болып ауысқан Қапшағайдағы казиноларды жабу мәселесін үкімет талқылайды. Бұл туралы журналистердің сұрағына жауап берген Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлім етті, деп хабарлайды  Azattyq Ruhy.

Оның айтуынша, дәл Ұлттық экономика министрлігінде бұл мәселе талқыланбаған. 

«Қонаев қаласының ерекше мәртебесін ескере отырып, ондағы казиноларды жабу мәселесі қосымша талқыланады деп ойлаймын. Мәселе міндетті түрде талқылауға жатады», - дейді Әлібек Қуантыров. 

Айта кетейік, Қазақстанда казино ашуға рұқсаты бар екі қала болса, оның бірі - Бурабай, екіншісі бұрынғы Қапшағай қаласы еді. Енді Қапшағай Қонаев деп аталып, ол Алматы облысының орталығына айналды.