Жақсылық Омар аталған екі адаммен суретке түскенін де, Бекболат Тілеуханмен туыс екенін де жоққа шығарды
«Әкім» бағдарламасының жүргізушісі Асхат Ниязов кезекті бағдарламаларының бірінде Өскемен әкімі Жақсылық Омардан бұрынғы депутат Бекболат Тілеухан және қазір тергеуде жатқан Қайрат Сатыбалдымен қандай байланыста болғанын сұрады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Журналист алдымен Өскемен әкімі Сатыбалды мен Тілеуханның туыса ма деген сұраққа жауап іздеді.
«Қайрат Сатыбалдымен туыстық қатынасым жоқ. Бекболат Тілеухан мен менің әйелім бір ауылдан, нағашы жағынан бір туыстығы бар», - дейді өз сөзіне өзі сенбей тұрғандай күйде жауап берген Жақсылық Омар.
Келесі сұрағын қойған журналист туыс болмаса да «үшеуіңіз той-тоймалақта кездесіп тұрасыздар ма» деген сауалын қойды.
«Тойда суретке түскенім есімде жоқ. Бекболат Тілеуханмен тойда емес, ұлттық спорт қауымдастығына қатысты шараларда түскен шығармыз», - дейді ол.