Ол қамауға алынды және қылмыс жасағанын мойындады
Алматыда көшеде кетіп бара жатқан адамды ұрып-соғып, тонап кеткен 21 жастағы жігіт қамауға алынды. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Департамент таратқан ақпаратқа сенсек, көшеде күндізгі уақытта адамды тонаған 21 жастағы адам ұсталды.
«Тергеу барысында күдікті – 2001 жылы туған Р. есімді азамат, өзінің сыбайласымен бірге, көшеде өтіп бара жатқан бейтаныс адамды ұрып-соғып, ұялы телефонын тартып алғаны анықталды. Ол қамауға алынды және қылмыс жасағанын мойындады. Қазіргі уақытта қылмысқа қатысы бар екінші адамның кім екені және олардың Алматы қаласы бойынша осыған ұқсас, бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр», - деді, Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.