Ақтауда 15 млн теңге жұмсалған қызғалдақтар алаңы бос тұр

Автор: Azattyq Rýhy

Былтыр қазан айында қала әкімдігі арнайы тапсырыспен пластик гүлдер «еккен» болатын

фото: caspianlife.kz

Ақтауда 15 миллион теңгеге орнатылған жасанды қызғалдақ алқабының орны қазір қаңырап бос тұр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy CaspianLife порталына сілтеме жасап.

Шенеуніктер жасанды гүлзар жарық шамдарымен безендіріліп, түнде қалаға көрік береді деп сенген. Алайда миллиондар жұмсалған жасанды гүлдердің тоғы көп ұзамай үзіліп, мүлдем жарамсыз болып қалды.

Қызғалдақтар алқабы кәдеге аспаған соң оның орнына пластик көгал қойылған. Бірақ, ол да балалардың ойын алаңына айналып, бұрынғы кебін қайта киген.

Тегтер: