«Қазфосфат» ЖШС тыңайтқыш бағасын төмендетіп, шаруалардан алынған артық ақшаны қайтарады – Агенттік

Azattyq Rýhy

Алматы және Жамбыл облысы бойынша монополияға қарсы департаменттер «Қазфосфат» ЖШС-ға қатысты тергеп-тексеруді аяқтады

«Қазфосфат» ЖШС тыңайтқыш бағасын төмендетіп, шаруалардан алынған артық ақшаны қайтарады – Агенттік
фото: egemen.kz

«Қазфосфат» ЖШС аммофосты қымбат бағамен алған шаруаларға артық алынған ақшаны қайтарып береді. Сонымен қатар тыңайтқыштың бағасын төмендетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

2021 жылғы қарашада аммофос бағасы 125 000 теңгеден 168 750 теңгеге дейін өсті, жыл басымен салыстырғанда бағаның өсуі 35%-ды құрады. Бұл ретте, 2022 жылғы қаңтарда баға 185 625 теңгені құрады, 2021 жылғы қаңтарға қарағанда 48,5%-ға өсті.

«Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша Алматы қаласы бойынша департаменттің 2022 жылғы 31 мамырдағы бұйрығына сәйкес «Қазфосфат» ЖШС-ға қатысты материалдар сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу үшін ҚР Қаржылық мониторингі агенттігінің Алматы қаласындағы Экономикалық тергеу департаментіне берілді. Материалдар қайтарылған жағдайда, монополияға қарсы орган нұсқама енгізе отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғайтын болады», - делінген Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігінің хабарламасында.

«Қазфосфат» ЖШС бағаны 185 мың тг/тн-ден 173 мың тг/тн-ге дейін төмендетті. Сонымен қатар, төлем жүргізген клиенттерге компания аммофостың қосымша көлемі түрінде ескі және жаңа баға арасындағы айырманы қайтаруды бастады. Кәсіпорынның деректері бойынша, айырманың жиынтық сомасы 2,8 млрд теңгені құрады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.