Бүгін кәсіпорында апат болып, жұмысшылар үйіндінің астында қалып қойған
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ қаза тапқан қызметкерлерінің отбасына көмек көрсетеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бүгін, 10 маусымда «Құрылысмет» ЖШС ұста-пресс цехында жазатайым оқиға болып, соның салдарынан «АрселорМиттал Теміртау» АҚ төрт қызметкері қаза тапқанын хабарлаймыз. Бесінші қызметкер Теміртау қаласының орталық қалалық ауруханасына жатқызылды, жағдайы бір қалыпты. Арнайы комиссия құрылды, іс тергеліп жатыр. Ұжымдық шарт талаптарына сәйкес марқұмдардың отбасына қажетті көмек көрсетіледі», делінген ресми хабарламада.