Алматыда катализатор ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ұсталған 4 адам уақытша ұстау изоляторына қамалды

фото: instagram/rustam.abdrakhmanov

Алматыда катализатор ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды. Бұл туралы Полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов Instagram парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қылмыстық топ 1998, 1999 және 2000 жылы туған жастардан тұрған. Күдіктілер соңғы рет 5 маусымда Алматының Медеу ауданында ұрлық жасаған. Олар тұрғын үй ауласында тұрғын "Тойота Прадо" автокөлігінен катализаторы бар глушительін толығымен шешіп алған. Келтірілген материалдық шығын 500 мың теңге. 5 маусымда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілер ұсталды», делінген жазбада.

Олардың қаланың Түрксіб, Бостандық, Әуезов аудандарында осындай 9 қылмысқа қатысы бар екені дәлелденді.