Таразда түзеу мекемесіне тыйым салынған заттарды жасырып өтпек болған жасөспірім ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты қауіпсіздігі орташа ЖД-158/2 мекемесінде орын алған

фото: ҚАЖД

Таразда түзеу мекемесіне бәліштің ішіне тыйым салынған заттарды жасырып өтпек болған жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне сілтеме жасап.

2005 жылғы жасөспірім жазасын өтеуші А. есімді азаматпен қысқамерзімді кездесуге келген. Алайда, оған кәмелетке жасқа толмағандығына байланысты кездесуге рұқсат берілмейді.

Дәл осы сәтте мекеменің режим бөліміне қарасты тексеру тобы, жедел бөлім және 5513 әскери бөлімінің қызметкерлерінің қырағылық танытып, жасөспірім әкелген сәлем-сауқатты тексере бастайды. Нәтижесінде, бәліштің ішінен 3 қаптама оралған дәрі-дәрмектің бар екендігі анықталады. Жасөспірімнің сөзінше, бейтаныс адамдар одан бәлішті А есімді сотталғанға табыстауын өтінген. Жасөспірім түзеу мекемесінің тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады.