Таразда 43 жастағы әйел азаматтық некедегі күйеуін пышақтап тастады

Автор: Azattyq Rýhy

47 жастағы қала тұрғыны ауруханада есін жимастан көз жұмған  

фото: egemen.kz

Таразда 43 жастағы келіншек азаматтық некеде бірге тұрып келген күйеуін пышақтап тастаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Тараз қаласы №1 ауруханасының дәрігерлері ауыр жағдайда науқас түскенін полицияға хабарлаған.

Белгілі болғандай 47 жастағы азамат көп қан жоғалтып, ауруханада есін жимастан жан тапсырды.

Полицейлер қылмысқа қандай жағдай себеп болғанын анықтайды. Қазір аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 99 бабы, 1 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Күдікті қамауға алынды