30 қаңтар күні елімізде күн ашық болады – синоптиктер

Автор: Azattyq Rýhy

Кей аумақта тұман, көктайғақ сақталып, жел күшейеді 

Фото: pixabay.com

30 қаңтар күні Қазақстанның бүкіл аумағы солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болатындықтан, республиканың басым бөлігінде жауын-шашын жаумайды. Тек солтүстік-батыста атмосфералық форнттардың өтуіне байланысты аздап қар жауады, деп хабарлайды Azattyq rýhy «Қазгидромет» РМК-ге сілтеме жасап.

Атырау облысының кей аумағына тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Ақмола, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан,  Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында тұман болуы мүмкін. 

Маңғыстау облысының және күндіз Ақтөбе облысының кей аумақтарында жел жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.