Халықтың басым бөлігінің шынайы өмір сүру деңгейі төмендеп кетті
Мәжілісте Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова республикалық бюджеттің атқарылуына қатысты есеп берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Бюджет ағымдағы шығыстарға қаражат жетпейтіндей етіп жоспарланады. Әсіресе даму бюджеті 8% немесе 1,2 трлн теңге екенін ескеруіміз керек. Бюджет шығыстары терең пысықталмай, бекітіледі. Кірістің үштен бірі Ұлттық қордан берілетін аударым. Жүргізілген мемлекеттік аудит кезінде салықтық және кедендік әкімшілендіру есебінен қосымша түсімдерді растамады. Бұған дейін мәлімделген кірістен 1,8 есе аз. Қаражаттың 64 пайызын зейнетақы, жәрдемақы төлеуге тіпті, сотталғандарды күтіп-ұстауға жұмсап отымыз», - деді ол.
Оның айтуынша іс жүзінде жинақталған инвестициялық кіріс есебінен өмір сүріп отырмыз.
«Мемлекет тек қана жеңілдікпен кредит беруге түрлі институттар арқылы 390 млрд теңге жұмсады. Сол қаражаттың белгілі бір бөлігі ғана нақты өндірісті құруға жұмсалып отыр. Жеңілдікпен несие бергенше, екінші деңгейлі банктер мөлшерлемесін соның ішінде ұзақ мерзімді несие беру бойынша мөлшерлемені субсидиялаған дұрыс емес пе? Бұл мемлекеттік қолдаумен қамтуды 5 есеге арттыруға мүмкіндік береді», - деді Есеп комитетінің төрайымы.
Баяндамада айтылғандай, халықтың көпшілігінің шынайы өмір сүру деңгейі төмендеп кетті.
«Ипотека алғандар үлесі – 38%, басқа несие 40%-ға өскен. Халық табысының 18%-ын кредитке төлеп отыр. Жалақының жартысынан көбі тамаққа жұмсалады», - деді Годунова.