Алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болады

Автор: Azattyq Rýhy

9-11 маусым күндері республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады

Фото: wikimedia.org

Қазақстан бойынша 9-11 маусым аралығына арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Синоптиктер мәліметінше, еліміздің солтүстік аймағында күн жылынады. 

"Солтүстік-батыс циклонымен республиканың көп бөлігінде найзағай ойнап, қатты жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін. 11 маусымға қарай елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жаңбыр
жауады. Елдің батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл болжанады", - делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.

Солтүстік өңірлерде күндізгі ауа температураның 20-28 градусқа дейін біртіндеп төмендеуін қоспағанда, температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер болмайды.