Әсел Айтбаеваның ісі бойынша қамалған күдікті алқабилер сотынан бас тартты

Автор: Azattyq Rýhy

Мұрат Мейірбеков қорғаушысымен бірге сот отырысының қарапайым форматын таңдаған

Грузияда қайтыс болған Әсел Айтбаеваның ісі бойынша қамауға алынған жалғыз күдікті алқабилер сотынан бас тартты. Бұл туралы алдын ала сот тыңдалымына дайындықта айтылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Марқұмның туысқаны болып келетін Мұрат Мейірбеков қорғаушысымен бірге сот отырысының қарапайым форматын таңдаған.

"Алқабилерсіз кінәсіз екенімді дәлелдеу оңай. Ол бүгін талқыланды. Менің клиентімнің сұрауы бойынша таңдалды. Оны мәжбүрлеуге қақым жоқ", - деді Мұрат Мейірбековтің адвокаты Шыназбек Маханов.

Сот отырысы БАҚ өкілдерінсіз өтеді. Алайда Әсел Айтбаеваның ата-анасы мен олардың қорғаушысы процестің ашық өткізілуін талап етіпті. Сот залына журналистермен бірге марқұмның әкесі де кіргізілген жоқ. Өйткені іске куәгер ретінде шақырылған адам заң бойынша сотқа қатыса алмайды. Алдын ала сот тыңдалымы аяқталғанша, Алтай Айтбаев әйелі мен адвокатын дәлізде күтумен жүрді.

Марқұм Әселдің өліміне қатысы бар жалғыз күдіктінің мүддесін оның адвокаты мен қоғамдық қорғаушы ретінде ағасы қорғамақ. Мұрат Мейірбеков адам саудасы және адам зорлау ісімен бір жылдан бері қамауда отыр. Әселдің Грузиядағы көлік сататын салонда жұмыс істеуіне ол түрткі болған. Бір апта өткен соң қыздың денесі Тбилисидегі көпқабатты үйдің терезесінің астынан табылады.

Грузия полициясы Әселді зорлады, өзін-өзі өлтіруге мәжбүрледі деген күдікпен 56 жастағы Бесик Тордуаны ұстайды. Айтбаевтар отбасы Мейірбеков осы грузин азаматына қызын сатты деген ойда. Бесик ұсталғаннан кейін бірнеше айдан соң түрмеде инфарктен қайтыс болды. Қайғыдан қан жұтқан әкесі мен шеше сот отырысына онлайн болса да Тбилисидегі тергеушілер қатысса дейді.

"Әкесі ретінде сот залына кіргізуі керек еді. Ол менің қызымның абыройы емес пе? Не айтылып жатқанын біліп отырғаным дұрыс деп ойлаймын", - деді марқұм Әсел Айтбаеваның әкесі Алтай Айтбаев.

"Сот отырысына ол тек куәгер ретінде тыңдалғаннан кейін қатыстырылады. Заң солай. Жабық сот отырысы. Өйткені бұл жерде жыныстық қол сұғылмаушылық туралы талқыланып жатыр", - деді адвокат Саида Сүлейменова.

55 жастағы Қурайлы ауылының тұрғыны көлігімен өзен бойлай келе жатқан. Осы сәтте «ЗАЗ-Шанс» маркалы машинасының тізгінін игере алмай аударылған. Төңкеріліп жатқан көлігіне лезде су толып, есік-терезесі ашылмай қалыпты. Осы сәтте жанында ешкім болмаған. Кейін өзеннен көлікті көріп қалған ауыл тұрғындары құтқарушыларға хабар беріп, кранмен көтеріп шығарып алды. Бірақ көлік жүргізушісін құтқарып қалу мүмкін болмады.

ktk.kz сайтының материалдарын пайдалану Материалды мәтіннің бірінші немесе екінші сөйлемінде негізгі мәтін ретінде бір шрифтпен орналастырылуы тиіс материалға тікелей гиперсілтеме болған кезде рұқсат етіледі.