«Дубай – Нұр-Сұлтан» бағытындағы ұшақта темекі шеккен бойжеткенге айыппұл салынды

Автор: Azattyq Rýhy

Тәртіп бұзған Өзбекстан азаматы ұшақтан түсірілді

фото: arnapress.kz

Нұр-Сұлтан қаласы әуежайындағы Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері «Дубай – Нұр-Сұлтан» бағытындағы әуе рейсінен құқықбұзушы әйелді түсірді. Бұл туралы Azattyq Ruhy Көліктегі полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тексеру барысында полицейлер әуе кемесінің бортында темекі бұйымдарын тұтынған 21 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматшасын анықтады.

«Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 441 бабы 1-2 бөлігімен, яғни, әуе кемесінің бортында темекі бұйымдарын тұтыну бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 50 айлық есептік көрсеткіш (153 150 теңге) көлемінде айыппұл салынды», - деп көрсетті Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.