20 маусымнан бастап «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылданады

Автор: Azattyq Rýhy

Өтінімдер www.otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталы арқылы онлайн қабылданады

фото: atr.kz

«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша өтінімдер 20 маусымнан бастап 19 шілдеге дейін қабылданады. Бұл туралы Azattyq Ruhy Отбасы Банк АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Бұл бағдарламаға көпбалалы отбасы, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасы, толық емес отбасы (ажырасқан уақыты 3 жылдан кем болмауы тиіс) санаттары бойынша мемлекеттік пәтер кезегіне тұрған Отбасы Банкінің салымшылары қатыса алады», - делінген хабарламада.

Жолдама алу үшін әкімшілікке барудың қажеті жоқ, өтінімдер www.otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталы арқылы онлайн қабылданады.