Павлодарда көлікпен соқтығысқан скутер жүргізушісі ауруханаға түсті
Полиция қызметкерлері автокөлік пен скутер арнайы айып тұрағына қойылғанын атап өтті
Павлодарда автокөлікпен соқтығысқан скутер жүргізушісі ауруханаға түсті. Көлік жүргізушісі скутерге жол бермеген, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Оқиға 6 маусым күні сағат 11:00-де Павлодар қаласындағы Аймауытов-Қарағанды көшелерінің қиылысында «Мазда 626» маркалы көлігі мен «Скутер» соқтығысқан.
«Автокөліктің 50 жастағы жүргізушісі жол жиегінен шығып бара жатқанда солға қарай маневр жасау қауіпсіз екендігіне көз жеткізбей, «Скутер» көлік нысанасымен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Скутердің» 27 жастағы жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді», - деді департаментінде.
Полиция қызметкерлері автокөлік пен скутер арнайы айып тұрағына қойылғанын атап өтті. Тексеру жүргізілуде.