Павлодарда сүйіктісінің әкесін соққыға жыққан жігіт жауапкершілікке тартылды

Автор: Azattyq Rýhy

Қыздың әкесінің жағы сынып, миы шайқалған

фото: www.ktk.kz

Павлодарда сүйіктісінің әкесін соққыға жыққан жігітке бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ирбис телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, 25 жастағы жігіт кездесіп жүрген қызының шағымын естіген соң оның әкесімен сөйлеспек болады. Алайда екеуінің арасында жанжал туындап, оның соңы төбелеске ұласқан. Жас жігіт сүйіктісінің әкесіне қол жұмсаған. Соның салдарынан ер адамның төменгі жағы сынып, ми шайқалды.

Жапа шегуші полицияға өтініш жазғаннан кейін қылмыстық іс қозғалды. Қыздың «білекті» қорғаушысы бір жыл бойы пробация қызметінде белгіленіп отыруға міндетті.

Сонымен қатар алдын ала ескертусіз тұрғылықты мекенжайы мен жұмыс орнын ауыстыруға тыйым салынды және ойын-сауық мекемелеріне, дәмхана мен мейрамханаларға бара алмайды.