Ол ақша табу мақсатында Шу облысынан кетіп, еліне сол қалпы оралмаған
Қырғызстан өз азаматының туыс-туғандарына іздеу жариялады. Олар 20 жылдан астам Қазақстанда қара жұмысқа жегілген жерлестерін жуырда тапқан. Олар жерлестерінің Қазақстанда қой бағып жүргенін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
Қырғызстандық Turmush сайтының хабарлауынша, арып-ашқан азаматтың денсаулығында соңғы кезде кінәраттар байқала бастаған. Ауыр жұмысқа жегілген мигрант өзінің аты-жөнін де ұмытып қалған. Оның төлқұжаттары да жоқ.
«Біз өзіміздің отандастарымызға хабарлама тараттық. Жерлесіміздің басындағы ауыр ахуал туралы жергілікті тұрғындардан естідік. Өзінің аты-жөнін де ұмытып қалған қырғызстандық Қазақстанда қой баққан. Отандасымыздың денсаулығында проблемалар пайда болған. Оны елге қайтаруға елшілік пен түрлі қоғамдық ұйымдар көмек көрсететін шығар, тым болмағанда ол өмірінің соңғы уақыттарын өз туған жерінде өткізсін. Жерлесіміз отанына оралады деп үміттенемін», - дейді қырғызстандық журналист Эмил Мамаев.
Turmush сайтының мәліметінше, қазір бір адам Қазақстандағы қойшының өз әкесі екенін таныған. Ол 1998-2000 жылдары Қазақстандағы темекі өсіретін алқапқа ақша табу мақсатында Шу облысынан кетіп, еліне сол қалпы оралмаған.